«Ертіс орманы» резерватының лауазымды тұлғаларды орманды заңсыз кесуге байланысты күдікке ілінді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілілуде.

Облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Ертіс орманы» ерекше қорғалатын аумағынан орманды заңсыз кесу және ұрлау фактілерін анықтау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары кешенін өткізді.

Шұғыла Тұрлыбек, қр ІІМ өкілі:

Облыстық прокуратураның үйлестіруімен «Ертіс орманы» резерваты бойынша ауқымды операция жүргізілді. Полиция қызметкерлері «Ертіс орманы» резерватында, Шалдай және Бесқарағай орманшылығында, сондай-ақ бірқатар басшылардың тұрғылықты жері бойынша 20-ға жуық санкцияланған тінту іс-шарасын жүргізді. Тінту кезінде құжаттамадан басқа атыс қаруы, оқ-дәрілер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазіргі уақытта ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болжамды мәліметтер бойынша орманды заңсыз кесуге «Ертіс орманы» мекемесінің лауазымды тұлғалары қатысқан болуы мүмкін. Заңға сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Жанасыл Серікбол