Облыс орталығында 25 ұстаз біліктілігін арттыру курсынан өтті. Олар екі апта бойы Павлодар қызмет көрсету колледжінде оқумен қатар тәжірбие алмасты. Алған білімдерін алдағы оқу жылында оқушыларға үйрететін болады.

Биыл көркем еңбек мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыруға 80 сағаттық бағдарлама әзірленген. Оқу курсына 25 ұстаз қатысты. Олар 2 апта бойы теориялық біліммен қатар практикадан да өтуге мүмкіндік алды.

Дүйсен Арманов, технология пәнінің мұғалімі (Ақтоғай ауданы):

Осы теориялық жұмыс пен практикалық жұмыс өте жақсы өтті. Осы мұғалімдерге көп рахмет айтамыз. Өте жақсы жұмыс болды. Қызықты.

Ұстаздарды Павлодар қызмет көрсету колледжінің оқытушылар оқытты. Практика кезінде әйел адамдар тігін тіксе, ер ұстаздар дәнекерлеу жұмысымен айналысты.

Айман Сардарбекова, Павлодар қызмет көрсету колледжініің оқытушысы:

Оқушылар өте жақсы. Курс жақсы өті деп ойлаймын. Оқытушылар өз білгенімен тәжірбие алмасу жасады. Бар білгенімізді біз соларға бердік. Курс жақсы өтті деп ойлаймын.

Елімізде жыл сайын ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыруға көңіл бөлініп келеді. Бұл мұғалімдердің білім сапасын жетілдіруге мүмкіндік бермек.

Балкен Аутәліпова, «Өрлеу» біліктілігін арттыру орталығы Павлодар облысы бойынша кәсіби даму институтының оқу ісінің меңгерушісі:

Негізі бұл бағдарламаның басты мақсаты және күтілетін нәтижесі көркем еңбек пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту және шеберліктерінің қабілеттілігін арттыру. Осы мақсатта курс өттік. Өтті деп айтуға болады. Көптеген нәтижеге жеттік.

Курсты аяқтаған ұстаздарға арнайы сертификаттар берілді. Мұғалімдер алған білімін алдағы оқу жылында жас шәкірттерге үйрететін болады.

Өзгеріс Қуанар