Биыл Павлодар облысында астықтың 15 пайызы күйіп кеткен. Оның үстіне бидайдың түсімі де өте нашар. Гектарынан 4,5 центрнер ғана өнім беруде. Мамандар бұл жылдағы көрсеткіштен 2 есеге төмен екенін айтады.

Қазір егіннің жартысы ғана жиналған. Бұған ауа райының қолайсыздығы әсер етуде. Мамандар, жауын шашын тоқтамайтын болса, күйіп кеткеннен қалған өнім шіріп кетуі мүмкін - деп отыр.

Есентай Мұрсәлімов, Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

Былтыр өнімнің шығымы гектарынан 9,5 центр болса, биыл 4,5 центнер. Бұл дегеніңіз 2 есеге аз. Құрғақшылықтан егіннің шығымына да әсер етті. Оның үстіне ауа райының қолайсыздығыннан бидайды өте дымқыл оны дер кезінде кептіріп алмаса, шіріп кетуі мүмін.

Биылғы қуаңшылықтан өңірде 160-тан астам шаруашылық зардап шеккен. Диқан Сейтенәлі Абзалов 8 мың гектар жерге егін салған. Алайда, оның басым көпшілігі күйіп кетті.

Сейтенәлі Абзалов, диқан:

400 гектар жерге қарақұмық салғанмын, ол кеуіп қалғаннан кейін жыртып тастауға тура келді. Әкімшілік біледі бұны. Міне көріп отырсыздар. Арам шөп шығып қалды.

Мамандар бидай тапшылығы ұнның бағасына да әсер етуі мүмкін деп болжайды. Әзірге диқандардың басты мәселесі өскен өнімді жинап алу. Өңірде егін ору науқаны қазан айының ортасына қарай аяқталады деп жоспарланып отыр.