Тереңкөлде құрғақшылықтан 25 мың гектар жерге егілген астық күйіп кеткен. Жалпы биылғы қуаңшылықтан егіннің түсімі де аз. Күзгі егін жинау науқаны қалай болып жатыр? Тілішіміз біліп келді.

Биыл Тереңкөл ауданында 195 мың гектар аумаққа астық егілген. Оның 168 мың гектарынан ғана өнім алуға болады. Алайда, 25 мың гектар жердегі өнім күйіп кетті. Түсімі де төмен. Гектарынан 5 жарым центрнерден ғана.

Николай Нижник, Тереңкөл аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы:

Астықтың өспей қалуына сәуір, мамыр, маусым айларында жауынның болмауы әсер етті. Бұл айларда жауын шашынның бар жоғы 10 пайызы ғана жауды. Сол себепті биыл өнім алу қиынға соғып тұр.

Аудан диқандары 1531 гектар жерге картоп екен. Өнімділігі гектарынан 350-400 центнер. Қазір оның жартысы ғана жиналды.

Абай Оразымбетов, «шаров» шаруа қожалығының бас агрономы:

Құрғақшылық бізге де әсер етті. Былтыр картоптың 80 пайызын сатуға қоятынбыз. Биыл 40-60 пайызды ғана құрайды. Қазіргідей ауа райында картоптың өспейтіні белгілі. Сондықтан бар өнімді жинап жатырмыз.

Қоймаларда жиналға өнімді іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өңделген өнімдер алыс жақын шетелдерге сатуға шығарылатын болады.