Тереңкөл ауданында ауыл ішілік жолдар жөнделіп жатыр. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша Байқоныс, Қызылтаң ауылдарында асфальт төселді. Бұл ауыл халқының көптен күткен қуанышы.

Қазір тақтайдай тегіс жерде бала шаға-шаға ойнап, жұрт игіліктің істің рахатын көріп отыр. Ұзақ жылдар бойы шаң тозаң және қиқы- шойқы жолдың проблемасы шешілді.

Жұмабай Құсанов, Байқоныс ауылдық округінің әкімі:

Бүгінгі күні екі ауылда Ауыл ел бесігі бағдарламасы бойынша жол салынды. Қызылтаң ауылында 3,2 км және Байқоныс ауылында 4,8 км салынды. Мердігері «Ине Қазақстан» ЖШС салынды. Жұмыс екі ай созылды. Бірінші шілдеден бастап 30 тамызға дейін бұл жұмыс аяқталды.

Қазына қаржысына салынған жол екі айда орындалды. Ауылдағы ағайынның тынысына жаңа леп әкелген мемлекеттік бағдарлама арқылы екі елдімекенге жалпы ұзындығы 7 шақырым жол төселді.

Жұмабай Құсанов, Байқоныс ауылдық округінің әкімі:

Екі ауыл бойынша бізде бүгін 7 км жол салынды. Жол сапалы. Сапалы түрде салынды. Бүгінгі күнде бұл әрине үлкен жұмыс атқарылып жатқан. Ауылдарды ұмытпай, ауылға жол салынып жатқанына ризашылығымызды білдіреміз.

Қызылтаң ауылында 312 адам тұрады. Мекен тұрғындары бұрын жаңбыр жауса езілген балшықпен жүруге мәжбүр еді. Қазір тұрғындар тас жолдың бүгінгі келбетіне риза.

Қайырбай Бейсенбаев, қызылтаң орта мектебінің директоры:

Биыл «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша Ауылымызда көптеген іс шаралар өткізіліп жатыр. Бұлардың бірі көптен күткен ауылымыздың көше жолдары асфальттанып ел көптен күткен қуаныштарына бөленіп, әкімшіліктеріне ризашылықтарын білдіруде. Ауыл ішінде көктем уақытында, күз уақытында жылда жаңбырлы кезінде жүріп тұру өте қиын болды. Енд осы жолды біз көптен күттік. Биыл міне осындай жетістіктерге жетіп, ауыл арасына жол салғанына өте қуаныштымыз.

Бұдан бөлек ауыл халқының жақсы жаңалығы көп. Биыл Қызылтаң ауылында футбол, балалар алаңы салынған. Қазір «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша сауықтыру орталығы бой көтеруде. Сондай-ақ Байқоныс ауылында фельдшерлік пункт күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Жақын уақытта пайдалануға беріледі.

Әйгерім Тоқпанқызы