Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда әкімдік ғимаратында темекі шеккен шенеуніктің әдебі талқыланды. Бұзушылық Железин ауданда анықталған.

Бұзушылық мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті Железин ауданын әкімдігімен бірлесіп өткізген профилактикалық бақылау жүргізу кезінде анықталған. Аудандық экононмика бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Дамир Ағыбаев әкімдік ғимаратында темекі шеккен. Ол кінәсін толық мойындап, 15 АЕК мөлшеріндегі айыппұлды төлеген.

Азамат Жүнісов, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменті бақылау басқармасының бас маманы:

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Және мемлекеттік қызметшінің моральдық әдептілік бейнесіне жоғары талап қойылады. Жоғарыдағыны ескеріп, Ағыбаевтың әдеп кодексінің 6-тармағының 1-4 тармақшарындағы қарапайым болу, жалпыға бірдей қабылданған моральдық нормалардық әдептік сақтау, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен азаматтардың сынға себепкер болмау.

Дамир Ағыбаев қазіргі қызметін 2022-жылдың қазан айынан бастап атқарады. Кеңес мүшелері талқылай келе қызметерге сөгіс жариялау жөніндегі ұсыныс енгізу туралы шешім шығарды.

Сонымен қатар, отырыс барысында жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының есеебі тыңдалды.

Қазіргі уақытқа дейін басқарма қызметкерлірінің ішінде сыбайлас жемқорлыққа жол бергендер немесе мемлекеттік қызметкердің әдебін бұзғандар жоқ.

Жанасыл Серікбол