Облыс полицейлері биыл 190 кг есірткі затының жолын кескен. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда үш есе көп. Қазіргі уақытта есірткіге қарсы күресті күшейтіп, алдын-алу шараларын тыңғылықты өткізудеміз деді мамандар. Бұл тұрғыда заңдық негізден бөлек, қоғамның да жауапты екендігін еске салды.

Биыл тәркіленген 190 кг есірткі заттарының ішінде героин да, синтеткалық есіркі түрлері де бар. Ірі партиялардың жолын кесу фактіледі де тіркелген. Заманға сәйкес қылмыстың бұл түріндегі сауда интернет арқылы қарқынды жүріп жатыр. Әр түрлі сілтемелер мен сайттар арқылы саудаланады, орналастырылады, діттеген жеріне тасымалданады. Түпткі саудалаушылар тіпті Қазақстанда болмауы да мүмкін.

Нұржан Байбөрінов, Павлодар қалалық пб есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімі бастығының м.а:

Наркобизнес тұтастай интернет әлемінің қраңғы бұрыштарына көшіп алған. Көпшілігі көрінбейді. Ұсталмайды да. Біздің анықтағандарымыз айсбергтің жоғарғы қабаты ғана. Сондықтан, суатты, білікті айти мамандарына тәуелдіміз.

Қазігі уақытта есірткі саудасымен айналысатындар айтарлықтай жасарған. Ұсталғандардың көбі 20 мен 30 жас аралығындағылар. Тіпті, кәмелет жасқа толмағандар да ұрынып қалатын көрінеді. Қазір бұл бизнес түріне айналғандықтан, айналысатын адамдар да әр түрлі.

Нұржан Байбөрінов, Павлодар қалалық пб есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімі бастығының м.а:

Бұрын бізді наркоман деп қорқытатын. Олар қоғамның маргиналды тобына жатқызылды. Қазір олай емес. Қазір жағдайы жақсы, толыққанды отбасылар да айналыса береді.

Демек, заң жүзінде ғана күресу қиын. Сондықтан, ағартушылық шаралары да облыста қолға алынбақ. Бұл мақсатта ақпарат және қоғамдық даму басқармасы бірқатар үгіт-насихат шараларын атқаруда.

Әзілхан Әбеуов, ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы:

Видеороликтер жасап мектеп, колледж, университет сияқты жастар көп жүретін жерлерде кьюар арқылы қолжетімді болатындай орналастырудамыз. Онда есірткі қолнадудың ақыры неге әкеліп соғатындығы көрсетіледі. Арнайы телеграм бот іске қосуды да жоспарлап отырмыз. Осындай жаңа тәсілдер арқылы түсіндіруге болады деп ойламйын.

Бұдан бөлек, жастарға салауатты өмір салтын, отбасы құндылығы насихаттау жолында бірқатар шаралар легі ұйымдастырылуда. Бұған әр түрлі қоғам белсенділері де ат салысуда. Жастарды өз қараңғысына баураған дертпен күресудің бір жолы қоғам болып ат салысу.

Владимир Гарилев, нарколог:

Қазір синтетикалық есіркіні тұнынушылардың өсу тенденциясы бар. Олар күнделікті жұмыс істеп жүреді, бизнесі бар адамдар. Олар героин тұтынукшыларымен салыстырғанда медициналық көмекке сирек жүгінеді. Бұл жерде адамдар негізінен психикалық тәуелділікке ұшырайды.

Ал, есіртікінің ауыр түрлерін тұтынатындар физикалық тәуелділікке ұрынады. Өкінішке орай, адамдар тәуелділігін соңғы сәтке дейін жасырады дейді мамандар. Бұндайда, емделудің өзі аса ауырлық етеді.

Жанасыл Серікбол