Облыс орталығында жылыту маусымы басталды. Жылумен ең алдымен әлеуметтік нысандар, яғни балабақша, білім беру және медицинцалық мекемелер қамтамасыз етіледі. Қазір 60 көпқабатты үй жылу жүйесіне қосылған. Қала жылу беру маусымына қаншалықты дайын?
25 қыркүйектен бастап Павлодарда жылу беру маусымы басталды. Бүгінде облыс орталығының 723 көпқабатты түрғын үйі жылу жүйесіне қосылуға сақадай сай. Жалпы бір күнде 100 үйді жылу жүйесіне қоса бастаймыз, дейді мамандар.
Екатерина Байжұманова, «Павлодарэнерго» ақ қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы:
«Павлодар жылу желілері» Жауапкершілгі шектеулі серіктестігі жылу тұтынатын қондырғылар мен жылу желілерінің техникалық дайындық актісі болған кезде жылу желілерін кезең-кезеңімен толтыруды және көпқабатты үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне қоса бастайды. Бірінші кезекте тұрғын жылу беру жабдығының 100% дайындығы болған кезде жылу көпқабатты тұрғын үйлерге беріледі»
Қазір қаладағы 60 көпқабатты үйге жылу берілді. Жалпы, Павлодарда 1300 жуық тұрғын үй бар. Олардың қатарында жылыту маусымына дайындығы аяқталып қалған үйлер де бар. Мамандардың айтуынша, қаланың жылу жүйесінде ақаулар байқалмаған, яғни қала жылыту маусымына толықтай дайын.
Ақмаржан Қалымбек