Облыс орталығында «Шахмат керуені» өтті. Төрт сағат бойы Ertis Promenade сахнасында 20 шахматшы күш сынасты. Бұл байрақты жарыс бұдан бұрын еліміздің 5 қаласын өткен. .

20 шахматшы алдын ала іріктеуден өтті. Бұл сынға жас айырмашылығынан бөлек, халықаралық шеберлер мен гроссмейстерлерде қатысты. Қазақстан шахмат федерациясы ребрендинг аясында ұйымдастырған турнирде үздік ойыншылар швейцариялық жүйе бойынша 11 раунд ойнады. Оның нәтежесінде ең мықты 3 ойыншы анықталды. «Ertis Promenade» сахнасында киіз үй үлгісінде салынған алаңда гранд-финалға үш жолдама сарапқа салынды. Бұл жекпе жек еліміздің өзге де өңірлерде де өткен.

Марат Есенов, Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті:

Қазақстан шахмат федерациясы осындай үлкен осындай жобаны біз іске асырып жатырмыз. 11 қыркүйектен біз Көкшетау қаласынан бастадық. Ақмола, Одан Петропавл қаласныда болдық. Қостанай және Қарағанды облыстарында болып бүгін міне Павлодар облысында осындай шахмат керуеннің жобасын жалғастырып жатырмыз. Ең бірінші мақсат бұл барлық облыстарда шахмат дамыту. Жалпы соңғы жылдары шахмат өте қатты дамып жатыр.

Шахмат логикалық ойлау қабілетін арттыратын спорт түрі. Тіпті білім беру бағдарламасында жеке пән ретінде оқытылады.

Марат Есенов, Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті:0124/// Караванның негізі мақсаты да сол барлық ауылға дейін жету. Біздің жас шахматшыларға мүмкіншілік беру. Біз үлкен жоба, мектепте шахмат жобасын іске асырып жатырмыз. Мақсатымыз вариантивті мектепте аптасына бір рет пән ретінде беру. Біз 2,3,4 сыныпта сабақ беріп, одан кейін шахматтан жақсы көрсетіктер болса шахмат мектерінде жалғастыру мүмкіншіліктері бар.

Жоба аясында пән ұстаздары оқыту сабақтарынан өтіп, білімдерін жетілдіреді.

Марат Есенов, Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті:

Осындай жобаны іске асырып жатырмыз. Жаттықтырушыларды. Бастауыш мектептегі мұғалімдер семинар өтікізп, сертификат беріп жатырмыз. Содан кейін судейский корпус қолға алып жатырмыз. Осы уақытта үлкен жұмыстар жасалып жатыр.

Павлодарда өткен турнирдің бас жүлдесін 33 жастағы жеке кәсіпкер Бақыт Жанғабылов қанжығасына байлады. Айтуынша, шахматқа ол 10 жасында қатыса бастаған. Алайда тұрақты кәсіби түрде айналысуға мүмкіндік болмады дейді ол. Дегенмен, ынталы еңбектің жемісі зор.

Бақыт Жанғабылов, сайыс жеңімпазы:

Қарсыластарым мықты болды. Жекпе жек тартысты өтті. Бастапқыда екі рет жеңіліп қалдым. Одан кейін бар күш жігерімді салып, ойынға кірістім. Бірінші орын алдым.

Шахмат- ақыл-ойдың спорты. Жекпе жек, федерация қолдауымен өзге де өңірлерлерде ұйымдастырылады. Шарықтау шегінің нүктесі Түркістан қаласында өтетін қорытынды сайыста болмақ. Оған әр облыстан мықты деп танылған спортшылар барады. Онда бәйгенің бас жүлдесінде 5 миллион теңге, екінші орынға 2,5 миллион, үшінші орынға 1 миллион теңге ақшалай сый тігілген.

Әйгерім Тоқпанқызы,