Жылу беру орталығында жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатыр? Көпқабатты үйлер жылыту маусымына дайын ба? Павлодар облысының әкімі кезекті рет Екібастұз қаласына барып, коммуналды қызметтің ахуалымен танысты.

Энергетиктер қаласында жылу беру станцияларында жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатыр. 3 энергетикалық қазандық дайын, бұдан бөлек 3 су жылытатын қазандық жақын уақытта іске қосылады. Қалған 4 қазандықты жаңарту қазан айының соңына дейін аяқталады. Бірақ, мәселе үнемі бақылауда болу керек. Өңір басшысы бекітілген кестеден ауытқымай қойылған тапсырманы сапалы әрі уақытында орындауды қадап айтты.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Екібастұз қаласының әкімдігінің қаулысына сәйкес жылыту маусымын 1 қазаннан басталады деп көзделген. Бірінші кезекте ыстық сумен қамтамасыз ету. Жылуды әлеуметтік нысандармен .

Қылышын сүйреп қыс келеді. Жаз бойы құбырларға жүргізілген жөндеу жұмыстарында осалдық бар. Гидравликалық сынақ барысында Мәшһүр Жүсіп Көпеев көшесі бойындағы желіден ақау шығып, су атқылаған. Белгілі болғандай жылу магистраліндегі жаңа және ескі құбырлардың түйіскен жерін қосатын тығыздағыш компенсатор істен шыққан екен.

Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі:

Күзгі-көктемгі сынақ кезінде барлығы 400-ге жуық зақым анықталды. Бүгінгі таңда айналма жол мен шағын аудандарда барлық залал жойылып, құбырларды тазарттық. 4 магистральді, яғни, 5, 8, 12 магистральдарды қайта жаңғырту бойынша барлық жұмыстарды аяқтадық.

Бүгінгі күні жылу желілеріндегі барлық құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Жалпы, алдағы уақытта барлық жұмыстарды толығымен аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Бұдан кейін Абай көшесіндегі 3 жылу магистралін қайта жаңарту аяқталған. Қысыммен тексерілді. Қазір құбырларды жуу, тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылған штаб жұмысы барысында өңір басшысы жұмысты тәулік бойы жүргізуді тапсырды.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Бұл кезекте былай болу крек бұл бағыттағы жұмыс... 10 на дейін ауа райы жайлы болады. Тәулік бойы жұмысқа ауыстыру керек. Содан кейін ... кейбір үйлерге көмек керек болады.

Тұрғын үй қоры да назардан тыс қалған жоқ. Өңір басшысы бұл бағытта жұмысты пысықтауды тапсырды.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

15-20 шақты үйде сол үйді аптаның аяғына дейін аяқтау керек. Бұл өте маңызды. Адамдар шағымданады. Сондықтан созбай қадам қадам ... түсінікті.

Қазанның 1 мен3 і күндері аралығында әлеуметтік нысандарға, бұдан кейін 3і мен 6күндері көп қабатты үйлерге жылу беріле бастайды.

Әйгерім Тоқпанқызы