Республика күніне орай өңірімізде 17 мыңға жуық зейнеткерге біржолғы төлем беріледі. Ал, қартта күні қарсаңында 25 қыркүйектен бастап «Қамқорлық» акциясы өтуде.
Оған демеушілер мен кез келген тұрғын қатыса алады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рахимова акция жайлы былай деп баяндады.
Осылайша облыс бюджетінен бөлінетін біржолғы төлемге 17 мыңнан астам зейнеткер ие болмақ. Жалпы облыста 100 мыңнан астам зейнеткер өмір сүріп жатыр. «Қамқорлық» акциясына шеңберінде әр түрлі ұйымдардың, кәсіпорындардың, үкіметтік емес сектордың қайырымдылық және демеушілік көмегі және жеке қайырымдылық есебінен әлеуметтік қолдаудың әртүрлі түрлерімен жеті мыңнан астам мұқтаж азаматты қамту жоспарлануда.
Бұндай шара көктем кезінде де ұйымдастырылып, сегіз мыңнан астам жалғызбасты және жалғыз тұратын қарт азаматтарға үй жанындағы және аула аумақтарын жинауға, отын жаруға көмек көрсетілген.
Сондай-ақ демеушілер тарапынан жалпы сомасы қырық миллион теңгеден астам материалдық көмек көрсетілген.
Жанасыл Серікбол