Ақтоғай ауданында 7000 тонна картоп бар көкөніс сақтау қоймасында өрт шықты. Тілсіз жау түнгі сағат 23.30 толығымен ауыздықталды.

Көкөніс сақтау қоймасының 2000 шаршы метрі отқа оранды. Тілсіз жаумен күресуге облыс орталығынан және Ертіс ауданының өрт сөндіру қызметі шұғыл жетті. Анықталғандай қойма қабырғаларын жылытатын материалдар жанған.

Оразбек Уәлиханов, облыстық ТЖД басқарма бастығы:

Сағат 19.08 де Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылындағы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері келген кезде осы ангардың жануы анықталды. Барлығы ТЖД 9 бірлік техникамен жеке құрам қатысты. Сонымен қатар жергілікті атқару органдардың 100 ден аса еріктілер. Водовоздарымен жұмылдырылды.

Сондай-ақ қызыл жалынмен күресуге Қараоба, Ақжол ауылдарының өрт сөндіру бекеттерінің техникасы жұмылдырылды. Қойма ішінде 7000 тонна картоп сақталған.

Оразбек Уәлиханов, облыстық ТЖД басқарма бастығы:

Өрт 21.55 те оқшауланды. Және сағат 23.37 толығымен жойылды. Шығынымен себебі анықталуда. Бұл ангарлар темірден қапталған жылытатын қаптама жанған. Негізі ангардың сырты темір. Жылыту материалы жанды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.

Әйгерім Тоқпанқызы