Облыс орталығында үздік аула таңдалды. Шығармашылықпен айналысып, көз сүйсіндіріп тұрғын үй маңын әсемдейтін тұрғындар баршылық. Бүгін олардың еңбегі еленіп, үздік деп танылды. Іріктеудің нәтежесі бойынша 6 аула әділқазы алқасының назарына ілікті. 

Павлодар біздің ортақ үйіміз. Тазалық өзіңнен басталады. Тұрып жатқан мекенін күтіп баптап, абаттандыру әрбір азаматтың парызы. Өңірде «Таза қала» акциясы басталды. Қалалық ардагерлер кеңесі, облыс әкімдігі және халық қалауларымен бірлесіп, тазалық марафоны ұйымдастырды. Байқауға 100 аула бақ сынады.

Санира Жүсіпова, қалалық мәслихат депутаты:

Ақсақалдар қауымы жастарға үлгі көрсетеді. Қаланың көгалдандыру, абаттаныру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Дегенмен біздің Павлодар қаласы таза қала үшін. Бүгін депутаттар маңызды шара деп санаймын.

Ломов көшесі 141 үйдің тұрғындары тұрғын үй ауласын өз күшінің еңбегімен гүл отырғызып, безендірген. Үнемі күл қоқыстан тазартады. Қариялардың еңбегі жастарға үлгі.

 Байқау мақсат өскелең ұрпақ арасында тұрып жатқан ортақ үйді абаттандырып, күтіп ұстаңға бағытталған.

Кенже Кеңесбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Бұл енді кім бірінші кім екінші орын мәселеде емес. Әдейі таңдап алдық ... қарттар ұйымдастырады көбінесе. Ал қуанатын жағдай жастар осындай аулаларды былықтырмайды. Ойлаймын жастар бәрін түсінеді деп.

Наталья Тимошенко, 50 жыл тұрады. Зейнеткер қаржы саласында еңбек еткен. 2014 жылы ауласын безендіруге кіріскен.

Наталья Тимошенко, Ломов көшесі №141 үйдің тұрғыны:

Біз аула тұрғындары үнемі гүл отырғызып, тазартып отырамыз. Кейді тіпті өз қаражатымды жұмсап үй маңын көркейтін заттар аламын. Айналамдағы көршілерім өте жақсы адамдар. Қол ұшін беріп, көмек көрсетеді.

Үздіктері қалалық ардагерлер кеңесі атынан марапатқа ие болды. Осы сынды көшемет үздік деп танылған 6 аулада жалғасын табады.

Әйгерім Тоқпанқызы