Елімізде тұңғыш рет қала және аудан әкімдерінің сайлауы өтеді. Халықтың еркін таңдауы арқылы- аймақтың дамуына үлес қосатын зор мүмкіндік. Павлодар өңірінде қай аудандардың әкімдері сайланады? Сайлау ережесі қандай? Бұл туралы толығырақ тілші әңгімесінде.

5 қараша күні өтетін сайлауда үш ауданның халқы өз басшысын таңдау мүмкіндігіне ие болады. Шарбақты, Ақтоғай және Железин өлкесінің әкімдерін тұрғындар өздері сайлайды. Кандидаттарды тіркеу 16 қыркүйекте басталмақ. Аудан басқарып, әкім болғысы келетін азаматтар 350 мың теңге сайлау жарнасын төлеп, науқанға қатыса алады.

Гүлсім Сүйіндікова, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі:

Аумақтық сайлау комиссиясының қаулыларымен ағымдағы жылы 15 қыркүйегінде жоғарыда аталған сайлау дайынлады. Аудандар шекарасында үш сайлау округі құрылды. Сайлауды әзірлеу және өткізу жөніндегі іс шаралар күнтізбесі бекітілді. Сайлаумен халықтың жалпы саны 46,9 адамды құрайтын 91 ауылдық елді мекен қамтылады. Үш ауданда сайлаушылар саны 32 мыңнан астам адам құрайды.

Үш ауданның әкімін сайлау пилоттық режимде өткізіледі. Дауыс беру 87 сайлау учаскесінде жүреді.

Гүлсім Сүйіндікова, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі:

Сайлау науқанын дайындау және өткізу 91 сайлау комиссиясы оның ішінде 4 аумақтық 87 учаскелік жалпы саны 479 адам жұмылдырылады. Дауыс беру 87 сайлау учаскесінде өтеді. Іс шаралық күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейін бастап яғни 16 қыркүйектен басталып сайлау өткізілетін күнге дейін 30 күн бұрын ағымдағы жылы 5 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 де аяқталады.

Егер сайлау науқанына бір күн қалғанда екі кандидаттан аз адам қатысса, кандидаттарды саяси партиялар, өз-өзін ұсыну тәртібімен ұсынылатын азаматтар, жоғары тұрған әкім ұсынады. Әзірге Ақтоғай және Шарбақты аудандарына әкім болғысы келетін екі азамат өзін-өзі ұсынды.

Гүлсім Сүйіндікова, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі:

Әкімге кандидат өзін өзі ұсынған жағдайда дауыс беру құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушылардың жалпы санынынң кемінде 1 пайызы қолдауға тиіс. Үміткерлер қойылатын негізгі талаптар. ҚР азаматтылығы, жас шегі 25 жас мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын мемлекетік қызметіне қойылатын талаптарына сәйкестігі. Арнайы тексерудің оң нәтежесі.

Сондай-ақ тағы бір талаптардың бірі әрине, жауапкершілікке тартылмаған азамат болуы шарт.

Гүлсім Сүйіндікова, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі:

Әкімге кандидат бола алмайтын. Бірінші заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталығы бар адам екіншіден сыбайлас жемқорлық қылмыс құқық бұзушылық жасауда кінәсі заңда белгіленген тәртіппен сот мойындаған адам.

Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады. Және сайлау өткізілетін күнге дейін 25 күн бұрын яғни 10 қазан күні аяқталады. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы жергілікті бюджет қаражатынан жабылатын кандидаттарды үгіттеу үшін 500 мың теңге бекітті. Жалпы, сайлау науқанын өткізу үшін жергілікті бюджеттен 120 млн теңге бөлінген.

Әйгерім Тоқпанқызы