Биыл Павлодар облысында астықтың 15 пайызы күйіп кеткен. Оның үстіне бидайдың түсімі де өте нашар. Гектарынан 4,5 центнер ғана өнім беруде. Мамандар бұл жылдағы көрсеткіштен 2 есе төмен екенін айтады. Жалпы орақ науқаны қалай өтіп жатыр?

Биылғы жылы 1 млн. 649 мың гектар аумаққа егін салынған. Өкінішке қарай оның 15 пайызы өспей қалды. Қуаңшылық салдарынан астықтың түсімі 2 есеге төмендеп кеткен. Бұрнағы жылдары 9 центнерден өнім беретін. Осы жылы 4,5 центнер ғана.

Ерқанат Әубәкір, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

Қазіргі уақытта дәнді дақылдардың 461 гектар алқабы жиналды. 250 мың тоннасы бастырылды. Орташа өнімділігі 4,5 центнер гектарынан. Картоп 14 мың гектар. Жалпы өнімділігі 440 мың тонна Түсімі орташа 325 центнерден гектарына. Көкеністер 4,2 мың гектар жиналды. Жалпы өнімділігі 171 тонна. Орташа өнімділігі 410 центнер гектарынан.

Қазір егіннің тең жартысы ғана жиналған. Бұған ауа-райының қолайсызыдығы әсер етуде. Күн ара жаңбыр болғандықтан, техникалар тоқтап тұрғанын айтады. Десе де, қазан айының ортасына дейін өнім толық жиналады деп күтіліп отыр.

Ерқанат Әубәкір, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

Егіс жинау науқанына 2284 комбайн қатысуда. Оның ішінде 2140 астық жинайтын комбайндар. Күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін облысымызға 38 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөілніді. Бұл өткен жылдан 16 мың тоннаға артық. Қазіргі уақытта арзандатылған дизель отынының бағасы тоннасына 276 мың теңгені құраса, литріне 232 теңге болып келеді. Қазіргі уақытта 28600 тоннаға ауыл шаруашылық таура өндірушілер келісім жасасты.

Малдың қысқы азығын дайындау жұмыстары да қарқынды жүргізіліп жатыр. Биылығы жылғы қажеттілік 1 млн. 214 мың тоннаны құрайды. Қазір 77 пайызы дайындалды. Ал құрғақшылықтан зардап шеккен шаруаларды қолдауға 9,7 млрд теңге бөлінген.

Ерқанат Әубәкір, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

Өсімдік шаруашылығын қолдауға 4,7 млрд теңге, мал шаруашылығын қолдауға 3,3 млрд теңге, инвестициялық субсидиялауға 1,7 млр теңге. Жергілікті бюджеттен ауыл шаруашылық жануарларының жем шөбін дайындауға және субсидиялауға 2 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ, Ертіс өзені аумағыннан жем шөп дайындауға 25 мың гектар бөлінді.

Құрғақшылықтың кесірінен өңірде 167 шаруашылық зардап шеккен. Оларға қолдау көрсету мақсатында несиелерін бір жылға дейін шегеру шарасы жасалды. Жем шөп бағасын тұрақтандыру үшін 5 мың тонна көлемінде тұрақты қор құрылды.