Павлодарда «Құс қанат менің ғұмырым» атты автобиографиялық кітаптың тұсауы кесілді. Автор өңірімізге белгілі партия және қоғам қайраткері Ерсайын Шұғабаев. Кітаптың тұсаукесер шарасына автордың қызметтегі жолдастары мен туған туыстары қатысты.

Өткен күнде белгі бар. Кітап уақыт сырын жеткізуші құнды мұра. Бұл кітапта жеке адамның өмірі ғана емес, адам мен қоғамның қарым-қатынасы, аумалы-төкпелі заманның ойы мен қыры баяндалады.

Ерсайын Шұғабаев, «құс қанат менің ғұмырым» кітабының авторы:

Басымнан өткеннің өткеннің барлығы бір еске алып, ұл-қыздарыма естелік ретінде қағаз бетіне түсірсем деп, естелік ретінде жас ұрпаққа соын жөн көрдім.

Кітаптың тұсаукесеріне зиялы қауым өкілдері де қатысып ойларын білдірді. Кітаптың маңызына тоқталды.

Айман Зейнуллина, филология ғылымдарының кандидаты:

 «Құс қанат менің ғұмырым» атты кітапты оқып шықтық. Тілі жатық. Тек қана қара абсының өмірі туралы ғана емес, заман туралы. Балалық шағынна бастап кеңес заманынң мазмұнын әдем жинай білген...01.42

Кітап 200 данамен жарыққа шықты. Шара аясында авторға құрмет ретінде арнау айтылды. Ізгі тілектер ақтарылды.

Жанасыл Серікбол