Тереңкөлде ағаштан түйін түйген шебер тұрады. Ол осыдан 9 жыл бұрын аудан орталығына көшіп келіп, шағын шеберхана ашқан. Қазір қазақы нақыштағы дөңгелек үстел, орындық, астау оқтау, тойбастарға арналған тарту таралығы сияқты ағаштан көпеген бұйымдар жасайды.
Космановт Нұрмұхаммед - атамекенге оралған қандастардың бірі. Ол 2014 жылы Тереңкөл ауданына көшіп келген. Қазір шағын шеберхана ашып, кәсібін өрге домалатып отыр. Ағаштан түйін түйген шебер дөңгелек үстел, орындық, астау, оқтау секілді тұрмысқа қажетті бұйымдарды қолдан жасайды.
Космонавт Нұрмұхаммед, қолөнер шебері:
Негізі Моңғолияда жүрген кезде бір ағаларымыз болды ұстамен айналысатын. Жәнегі ертоқым, ағаш бұйымдармен айналысатын. Сол кісінің қасында жүріп, біраз нәрсе үйрендік. Осында келгеннен кейін Астанада мебелный цехте жұмыс істеп, мұнда келгеннен кейін неге өзім ашып көрмеске деп қолға алғанбыз. Қазір жүріп жатыр жақсы.
Кәсіпкер былтыр мемлекеттік бағдарлама бойынша 1 млн. 200 мың теңге көлемінде грант алған. Оған шеберханаға қажетті құрал саймандар мен бұйымдар жасауға ағаш сатып алыпты. Алдағы уақыты кәсібін одан әрі дамыту үшін жиһаз жасауды да қолға алмақ.
Космонавт Нұрмұхаммед, қолөнер шебері:
Диван істейтін үлкен цех болады. Жұмыс басталып жатыр. Биыл бітпейді. Келесі жылдарға жосарда бар бітіруге. Әрине, бір екі адам үш адам жұмысқа алуға. Негізі ана жерде диванның цехы ашылса, мұнда кісі керек, онда кісі керек. Үш адамға жұмыс орны болады.
Шеберге тапсырыс берушілер көп. Тұрмысқа қажетті бұйымдардан бөлек тойбастарға арналған тарту таралығыларды да жасайды.
Космонавт Нұрмұхаммед, қолөнер шебері:
Қазір бұл сұраныста да бар. тапсырыста береді. Былай өзімде жасай берем. Көбіне столдарға тойбастарларға мынандай көп заказ түседі лазерный станокқа. Жер столға отырады қазақи ғой. Таққа отырады. Сатуға да қоямыз. Заказда береді.
Қолөнер шебері ұлттық нақыштағы бұйымдарға басымдық берген. Жасаған заттарға ою-өрнек салып, сәндеуді қалайды. Бұл жұмыстарды одан әрі дамыту жоспары да бар.
Өзгеріс Қуанар