Биыл келісім мен ынтымақ ордасы «Достық» үйіне 15 жыл. Осыған орай салтанатты шара өтті. Онда Ассамблея жастары ұлттық киім үлгілерін көрсетті, соныдай-ақ, Достық медиа пвл орталығының тұсауы кесілді.
Қазақ ұлттық киімін киген өзге этнос жастары. Жалпы Ассамблея ұлттық өнерді, мәдениетті насихаттауға көп күш салатындықтарын айтады. Негізгі ұстанымы, негізгі бағыттарының бірі ұлттық құндылықтарды насихаттау. Достық үйінің 15 жылдығына арналған салтанатты шара барысныда да бағыт көрініс тапты.
Иә, осыдан 15 жыл бұрын құрылған Достық үйі қазір мемлекет идеогиясын қалыптастырушы мекемелердің біріне айналды. Көптеген шараларды атқарып, ел бірлігін насихаттап келеді. Осындағы 24 этномәдени бірлестік өз құндылықтарын тануға, насихаттауға мүмкіндік алды.
Александра Мурзина, «буковаина» румын-молдаван мәдени қауымдастығы» қб мүшесі:
Достық үйі бізге барлық мүмкіндікті берді. Осында мәденитімізді, өнерімізді дамыттық. Бірлесіп жұмыс істеп, ынтымақ құруға мүмкіндік жасады. Қатармызға көптеген жастарды тарттық. Қазір олар әр түрлі салады қызмет етуде. Биіктерге жетуде. Біз 15 жыл бекер бекер жұмыс істемегенімізге бүгін көзім жетті. Көптеген жастардың жолын аштық.
Қазақ мәдениетінің айналсында біріккен өзге эностар Қазақстан атты ортақ шАңыраққа тәу етеді. Мәдениет түрлі болағымен тілек бір. Тіршілік әр түрлі болса да, бағыт бір.
Хусаин Гулов, тәжік мәдени орталығының төрағасы:
Тәжік мәдени орталығы 2013 жылы құрылды. Бүгінде бір орталықтың 10 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Біз осы Достық үйінде арманымызға жеттік. Қазақстандағы әр этнос өз тарихын білгііс келеді, мәдениетін дамытқысы келеді. Осы тұрғыда біздің жеткен биігіміз аз емес.
Шара аясында бірқатар Асссамблея мүшелері мараптталды. әрине, ел бірлігіне сіңірген еңбектері үшін. Артынша, Достық медиа ПВЛ орталығының тұсауы кесілді.
Жанасыл Серікбол