Биыл елімізде жол апатынан 40 адам көз жұмған. 155 адам түрлі дене жарақатын алыпты. Бас прокуратураның мәліметінше, жол апатының төртен бірі жылдамдықты шамадан тыс арттыру салдарынан болған. Бұл мәселе үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды.

Елімізде соңғы 5 жылда 75 мың жол апаты болған. Салдарынан 100 мыңға жуық адам зардап шегіп, 12 мың адам бұл өмірмен қош айтысқан. Бұл дегеніңіз бүтін бір аудан халқы. Ал күн сайын жол көлік оқиғасынан 6 адам қаза табады. Бұндай қорқынышты статистиканы ҚР Бас прокуратурасы таратты.

Берік Асылов, ҚР бас прокуроры:

Ал апаттан зардап шегушілердің төрттен бірі балалар. Басты себеп жол ережесін сақтамау. Әрбір екінші жүргізуші жол апатына себепкер болады. Олардың көбі бұған дейін де жол ережесін өрескел бұзғандар. Жартысы автомектепте оқымыған. Ал апатқа себеп болғандардың әрбірі 10 мас күйінде көлік басқарған, немесе, сақтандыру және көлікті техникалық тексеруден өткізбегендер.

Бас прокуратураның мәліметінше, жол апатына көбіне жаяу жүргіншілер кінәлі. Осының салдарынан ел бойынша биыл 40 адам көз жұмған. 155 адам түрлі дене жарақатын алыпты. Бұдан бөлек жол көлік оқиғасына жолдардың сапасыздығы да себеп болған. Мәселен, Қарағанды –Балхаш тас жолы 5 жылдан бері бітер емес. Жөндеу жұмысының ұзаққа созылуынан 99 жол апаты болған. Салдарынан 110 адам көз жұмыпты.

Берік Асылов, ҚР бас прокуроры:

Биыл Ақтөбе облысында тәжірбиесіз таксист жылдамдықты шамадан тыс арттырып, көлікті аударып жіберген. соның кесіренен 2 адам қаза таппты. Бұған такси көліктерін ешкімнің тексермеуі себеп. Олардың тәулік уақытымен санаспайды. Ауа-райының қолайсыздығына қарамай жолға шығады.

Жиын қорытындысы бойынша министрліктер мен әкімдіктерге жол апатын болдырмау шаралар қабылдауды тапсырды. Бұдан бөлек жаяу жүргіншілер өткелін салу. Жол белгілерін жаңарту. Жылдам өлшеу құралдары мен бейнебақылау камерларын көбейту тапсырмасы жүктелді.