Павлодарда балалардың ойын алаңы орналасқан аумақ опырылып ортасына түсті. Тұрғындар балаларымыз жазым бола ма деп қорқады. Мәселесін айтып, барлық құзырлы органдарға хат жолдағанмен оған құлақ асқан ешкім болмапты.
Гагарин көшесі 38/1 мекен-жайының тұрғындары 4 айдан бері үрей құшағында отыр. Айтуларынша, есік алдындағы ойын алаңы орналасқан жер опырылып ортасына түскен. Бұл жерде үлкен шұңқыр пайда болыпты. Тұрғындар балаларымыз құлап кетіп, жазым болама ма - деп қорқады.
Бақытгүл Шайкенова, қала тұрғыны:
Су арнасынан шақыртып, сараптама жасатық. Олардың айтуынша, бұл жерде жерасты суы бар. Бірақ, біз бұған сенбей отырмыз. Өйткені, мұнда бұрын кәріз желісі орналасқан. Сол жарылған болуы мүмкін. Ал бұл жаман су үйдің астына кетіп жатыр. Бұл үйге қауіпті.
Бұл жағдай тек аулада ғана болмаған. Тұрғындардың сөзінше, үйге кіреберістегі жерде опырылып, ортасына түсіпті. Коммуналдық қызмет мамандары оны топырақпен жауып тастаған.
Бақытгүл Шайкенова, қала тұрғыны:
Бұл жерді маусым айында құммен жауып тастады. Содан кейін әкімдіктен адамдар келген болатын. Алайда, үйге жауапты маман бұл жерді қазуға рұқсат бермеді. Біз бұл мәселені шештік - деп. Бірақ, бұнысы өтірік болды. Содан бері ешқандай нәтиже көрмедік.
Біз бұл үйге қызмет көрсететін су арнасының өкілдерімен хабарластық. Олар бұл аумаққа тексеру жүргізу үшін тұрғындар арнайы сұрау хат жазуларын өтінді.
Өзгеріс Қуанар, Анастасия Ерш