Астанада халықаралық форумы өтіп жатыр. Оның аясында жер қойнауын пайдаланушылар мен отандық өндірушілер арасында жалпы құны 58 млрд теңгеден асатын бірнеше ұзақ мерзімді оффтейк-келісім-шарттар жасалды.

Шарада сөз сөйлеген ел премьер-министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, бизнеске қойылатын артық талаптар қысқарып жатыр. Мысалға, қазірдің өзінде 9 мың теріс талап кеміген, енді жыл соңына дейін тағы мың ереже жойылмақ. Бұл форумға отандық жер қойнауын пайдаланушылар, халықаралық инвесторлар мен сарапшылар келген. Ең басты мақсат – тараптар арасында диалог орнату және сол арқылы өндірістің өрісін кеңейту. Ал, премьер-министр сөз соңында бизнес өкілдерін өндірістерді локализациялау үшін белсенді жұмыс жасауға шақырды.

Әлихан Смайылов ҚР премьер-министрі:

Ірі кәсіпорындар өздерінің жергілікті мазмұнын дамытудың бағдарламаларын қабылдауы тиіс.Оның ішінде ұзақ мерзімді оффтейк-контракттар жасасу негізгі құрал болуы тиіс.Сондай-ақ, кадрлармен қамтамасыз ету мәселесіне де назар аударғым келеді. Біз шетелдік мамандарды алмастыратын өз кадрларымызды оқытуымыз қажет.Бұл тұрғыда ірі кәсіпорындарымыз оқу орындарына қамқорлық жасап, содан кейін түлектерді өздеріне жұмысқа алу керек».