Екібастұзда «Поэзия жанымның шуақ нұры» атты әдеби кеш өтті. Шараға өңірдегі жас ақындар қатысып, жырдан шашу шашты. Осынау игі іске қаланың мәдениет, тілдерді дамыту, шынықтыру және спорт бөлімі мен Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалы мұрындық болған.

Екібастұзда өткен жыр кешіне өңірдегі жас ақындар қатысты. Олардың алды елімізге танылып үлгерген. Бірнеше жыр кітабын шығарған шайырлар. Кеш шымдылығын Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры Серік Елікбай бастап берді.

Кеште алдымен өлең өлкесіне енді ғана қанат қаққан жас өрендер бастап өлең оқыды. Одан кейін ақындар кезек кезек жыр тиегін ағытты.

Жыр кешін Екібастұз қаласынының мәдениет, тілдерді дамыту, шынықтыру және спорт бөлімі мен Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалы бірлесіп ұйымдастырған. Жиында соңында мәдениет бөлімінің басшысы Медғат Манапов ақындарға алғыс айтты.