Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық филиалының Аналар кеңесі форум өткізді. Онда отбасындағы ананың орыны, оларға көрсетілуі тиіс құрметтің қандай болуы керектігі жайлы толымды ойлар айтылды. Шараға құқық қорғау мекемелерінің өкілдері де қатысты.

Шара халықаралық балалар күніне орай ұйымдастырылды. Жалпы Аслламблеяның аналар кеңесі «Мәдениетті ұлт - мәдениетті ана» жобасы аясында жұмыс жасап, әр түрлі шараларды атқарып келеді. Облыс бойынша жалпы 39 адам аналар кеңесіне мүше. Құрамында әр түрлі этникалық бірлестік өкілдері мен депутаттар да бар.

Бақытжамал Максилова, ҚХА аналар кеңесінің төрағасы:

Біздің мақсатымыз балаларға ұлттық құндылықты көрсету. Түсіндіру. Әрине, тәрбиелеу. Ұлттық тәрбие беру. Қарасақ, қай жерде аналар кеңесі бар сол жерге көмегі өте зор. Кездесу жасаймыз.

Шараға құқық қорғау мекемелерінің өкілдері де қатысты. Олар аналар кеңесімен бірлесіп, бірқатар шараларды жоспарлап отыр. Осылайша отбасы мәселеріне құқықтық тұрғыдан бөлек, ағартушылық, тәрбие тұрғысынан да ат салысуды көздейді.

Ана – барша адамзат үшін қастерлі ұғым. Сол ұғым қазіргі уақытта қаншалықты құнды. Шара аясында осы және өзге де отбасылық және жасөспірімдер мәселесі төңірегіндегі ойлар ортаға салынды.

Жанасыл Серікбол