Павлодар облысының барлық негізгі әлеуметтік - экономкалық көрсеткіштері оң динамикаға ие. Елордасы Астана қаласындағы орталық коммункациялар қызметі алаңында журналистермен кездескен Асайын Байханов осылай деді. Аймақ басшысы биыл атқарылған жұмыс жайын баяндап, алдағы жылдарға жасалып жатқан жоспарлармен де бөлісті.
Биыл Павлодар обылсына 730 млрд теңгенің инвестициясы тартылған. Облыс бұл көрсеткіш бойынша республикада төртінші орында. Жыл соңына дейін тағы 20 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Олардың жалпы құны 291 млрд теңге. Бөлекше атап өтер тұсы. Инвестициялардың 85 пайызы жеке қаражат есебінен. Сонымен қатар, Павлодар облысы ауыл шаруашылығы да дамыған аймақ қатарында. Бұл бағытта да атқарылғанып жатқан жұмыстар легі аз емес. Биылғы құрғақшылықтан зардап шеккен шаруаларға көмек көрсетілді. Ал, ауыл халқының әлеуетін көтеру жолындағы «Ауыл аманаты» ұлттық жобасы да өңірде қарқынды іске асуда.
Облыс білім саласында бірқатар ауқымды жобаларды іске асыруда. Жаңа мектеп салу, ескі мектепті жаңғырту жұмыстары қолға алынған. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы жылдары да жалғаспақ. Басты меже орын тапшылығын жою.
Ал, ауылдық денсаулық сақтауды жаңғыру мақсатында 2 жыл ішінде 15 мың адамға арналған жаңа медициналық нысан салу жоспарланып отыр. Биыл 6 спорт кешені салынып, 198 спорт алаңы пайдалуға берілген. 14 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Ал, баспасөз жиынына қатысқан журналситер Екібастұздағы жылу беру маусының қалай өтіп жатқандығы жайлы сұрады.
Бұдан бөлек, журналистерді «Ертіс» футбол клубының да тағыдыр алаңдаты. Кәсіби команда жабылып, орнына Ақсу клубы құрылған еді. Асайын Байханов, еліміздің бес дүркін чеспионы болған клубты үлкен спортқа қайта әкелу үшін жұмыс жасап жатқандығын жеткізді.
Сонымен қатар жиын барысында биыл аталып өтілген ұлы тұлғалардың мерейтойларымен қатар, келесі жылы Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан сияқты академиктердің, Шәкен Аманов сияқты өнер майталмандарының мерейтойы да аталып өтілетіндігін де айтты.
Жанасыл Серікбол