Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбен, Қазақстанға ресми сапармен келді.
"Ақорда" резиденциясында мейманды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Президенттер бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттердің басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.