Облыс әкімі Асайын Байханов Ақсу ауылдық аймағына қарасты Пограничник ауылында болды. Ақсу аумағындағы көркейіп келе жатқан ауылдардың бірі. Әсіресе биыл бірқатар әлеуметтік нысандар салынып, халық игілігіне берілген. Ал, спорт кешенінің құрылысы аяқталуға жақын.
Аймақ басшысы Пограничник ауылында алдымен Бауыржан Момышұлы атындағы мектепке ат басын тіреді. Қазір мұнда 238 бала білім алып жатыр. Білім ордасының ғимараты 2006 жылы салынған. Мектеп ұжымы алдымен республикалық деңгейдегі жетістіктерін баяндады.
Қоядар Тавархан, Б. Момышұлы атындағы ЖОББ мектебінің басшысы:
Үш жыл бойынша мектептің жетістіктеріне тоқталсақ, бұлар тек қана жоғары деңгейде орын алған балалар. Халықаралық деңгейде бір оқушымыз орын алды. Республикалық деңгейде 29 оқушы, облыстық деңгейде 10 оқушы және райондық деңгейде 70 оқушы орын алды. Қатысқан 140 оқушының 70-і орын алып келді.
Артынша аймақ басшысы мектептің заманану кабинеттерін аралап, ондағы білім беру барысымен танысты. Қазір бұнда балалар әр түрлі сала бойынша қалаған үйрімелеріне қатысып, жан-жақты жетілуге, ғылыми ақпараттарды молынан алуға мүмкіндік бар. Мәселен, мектеп ішінен құрылған дебат үйірмесіне қатысушылар әр түрлі тақырып аясында пікір алмасады, көркем сөз оқып, поэзияны насихаттайды.
Өткен жолғы екпінді дауыл салдарынан мектептің жылу қазандығы бүлініпті. Дәлірек айтқанда білім ордасынан 250 метр жерде орналасқан жылу қазандығының түтін мұржасы бел ортасынан опырылып түскен. Оқыс жағдай дереу қалпына келтіріпті.
Қоядар Тавархан, Б. Момышұлы атындағы ЖОББ мектебінің басшысы :
Түгел жағдайлар жасалып, оны үш күннің ішінде қалпына келтірдік. Қазір мектепте от жағылады. Балалар оқып жатыр. Жаңа труба қойдық. Жаңа труба қойып барлық жағдайды жасады. Поставщиктерді тауып, сосын төтенше жағдаймен жұмыс істеп бәрін орынан қойдық. Сабақ тоқтап қалған жағдай болған жоқ.
Дәл осымекептің маңында спорттық-сауықтыру кешіні салынып жатыр. Жоспар бойынша 800 шаршы метрлік шағын футбол кешеннің сыртында, ал, ішінде ойын және күрес залы, сондай-ақ, жаттығу залы болады. Тұрғындар үстел тенннисінен жағттыуға да мүмкіндік алады. Нысанның құрылыс маусым айында басталған.
Ал, биыл жуырда ғана акушерлік-фельдшерлік пункут өз жұмысын бастады. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша құрылысы мамыр айында басталып, қараша айында аяқталған. Мыңға жуық адамға қызмет етеді. Нысан заманаауи кабинеттермен қамтылған.
Бұндай нысан келесі жылы Үштерек ауылында салынады. Сонымен қатар, «Ауыл-бесігі» бағдарламасы аясында Алғабас, Еңбек ауылдарында спорттық кешенді пайдаға беру жоспарланып отыр.
Ақсу ауылдық аймағында ірі елдімекендерден бөлек, шағын ауылдарды да маңызды нысандармен қамту жұмыстары алдағы жылдары да жалғасады.
Жанасыл Серікбол