«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында жабайы жануарларды бақылайтын арнайы қорық бар. Онда 277 мың гектардан астам аумақта 18 аң аулаушы жұмыс істейді.
Аңшылық-саятшылық – қазақтың байырғы да қосалқы кәсібі. Сондай-ақ көшпелілер үшін күнкөрістің әрі көңіл көтерудің бір саласы. Аңшылықтың бейнеті, еңбек шығыны аз, бірақ табысы құнды.
Марат Аманов, қорық басқармасының бақылаушысы:
Аңшылар ең алдымен, жануарларды браконьерліктен қорғаумен айналысады, сонымен қатар біз шөп пен жем қалдықтарын жинау сияқты биотехникалық жұмыстарды да жүргіземіз, осылайша, қорық аумағындағы жануарларды көбейтіп, сақтаймыз
Жабайы жануарлар бірнеше шақырымдардан өтіп, өз қажеттіліктерін іздейді. Орман резерватындағы аңшылар жануарларды тек ғана жеммен қамтамасыз етіп қоймайды. Бұдан бөлек, құрамында микроэлементтері бар түрлі тамақпен қамтамасыз етуге тырысады.
Марат Аманов, қорық басқармасының бақылаушысы:
Қорықта 87 бордақылау алаңы бар, жануарларға қажетті әртүрлі дәрумендер себеміз
Бүгінгі таңда «Ертіс орманы» табиғи резерватының аумағында бұлан, елік, сілеусін, қасқыр, түлкі мекендейді. Жануарларды санау, бақылау үшін камера қақпандар орнатылған. Бұл өте маңызды құрал болып саналады. Бұл құрылғылар ғылыми зерттеулерге көмектесіп қана қоймай, болашақ ұрпақ үшін осы ғажайып дүниені сақтаудың маңыздылығын еске салады.
Марат Аманов, қорық басқармасының бақылаушысы:
Біз жануарлардың ең көп қозғалатын жерлерін анықтап, белгі қойамыз, сол арқылы олардың санын, жалпы қорық аумағында қанша жануар бар екенін жазып аламыз
Аңшы тек аң атушы ғана емес, ол жан-жа¬нуарды суық қолдардан қорғаушы ретінде саналады. Шыны¬мен де даланың жануарларын әр кез қорғап жүру – әрқай¬сымыздың парызымыз болса керек.
Қымбат Садық, Валентина Леонова