Трамвай басқармасы - жолаушыларды тасымалдау бойынша Павлодар қаласының жетекші көлік кәсіпорындарының бірі. Қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті көлік түріне айналған трамвай жылдан-жылға жаңарып келеді. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Трамвай – тек экологиялық таза көлік құралы ғана емес, бұл қаламыздың келбеті. Жарты ғасырдан астам тарихы бар трамвай жолдары 1965 жылы құрылған. Бүгінгі таңда Қазақстандағы ең ірі трамвай кәсіпорынында 111 жылжымалы құрам бірлігі, 600 қызметкер еңбек етеді.

Муслим Махмудов, Д.Д.Махмудов атындағы «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ басшысы:

Биыл 7 өткелді жөндедік, барлығы 4 жыл ішінде 28 өткел жөнделді, ауыстыруды қажет ететін апатты өткелдер. Сонымен бірге біз автокөлік жүргізушілеріне ыңғайлы болу үшін дыбыссыз өткелдер жасадық

Алдағы уақытта трамвай басқармасының жоспарында жылжымалы құрамды жаңарту, сондай-ақ «Достық» шағын ауданына қосымша желіні іске қосу бар.

Муслим Махмудов, Д.Д.Махмудов атындағы «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ басшысы:

Жалпы жоба дайын, облыс әкімі Асайын Қуандықұлының тапсырмасымен келесі жылы құрылыс жұмыстары басталады. Біз жобаны аяқтадық, қазір ол бекітіліп жатыр

Жалпы, кәсіпорынның жағдайы жақсы, жұмыстары да өркендеп келеді. Техикалық тұрғыдан түрлі жаңарту жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлер үшін де жағдай жасалған.

Кәсіпорынның өсіп-өркендеуіне Джафар Махмудов зор үлесін қосты. Енді, міне, Муслим Махмудовта әке жолын жалғастырып келеді.

Муслим Махмудов, Д.Д.Махмудов атындағы «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ басшысы

Мен бала кезімнен осы кәсіпорында өстім.Әкемнің әр атқарған жұмыстарын бақылайтынмын. Сондықтан, кәсіпорынның алдағы болашағы маңызды, әрі оның дамуына бар күшімді салуға тырысамын. Өйткені бұл мен үшін үлкен жауапкершілік.

Қарбаласы көп қала халқының қай уақытта да асығыс жүруі заңдылық іспетті.Мұндайда рельсті көлік трамвай жұртты тұрақты тасымалдап тұрса, біз уақыттан кешікпесіміз анық. Уақыттан ұтылмасақ, өркениет көшінен де қалмаспыз.

Қымбат Садық