Екібастұзда жылу тарифі қымбаттамайтын болды. Бұған дейін жылу орталығы 1 қаңтардан бастап бағаны өсіру туралы табиғи монополияларды реттеу департаментіне өтініш берген болатын. Онда тариф құнын бірден 1 жарым есеге өсіруді сұраған. Алайда, департамент өкілдері бұлай бірден бағаны көтеруге болмайтынын айтады.
Қазір монополист компания жылудың 1 гигакалориясы үшін 5 579 теңге алып отыр. Енді бұл бағаны 13 911 теңге дейін көтеруді жоспарлаған. Алайда, олардың бұл ойы жүзе аспай қалды. Табиғи монополияларды реттеу департаментінің мамандары бағаны бірден бір жарым есеге көтеру заңсыз екенін айтады.
Нұрлан Нұрмұратов, табиғи монополияларды реттеу комитетінің павлодар облысы бойынша департамент басшысы:
Департамент тиісті тексерулер жүргізді. Нәтижесінде біз бұл тарифті қабылдаудан бас тарттық. Қазіргі бұрынғы тариф қалатын болады. Себебі, тариф құнын 149 пайызға көтеру заңға сәйкес келмейді.
Ал облыс орталығында коммуналдық қызметтер құны өспек. Шамамен алғанда павлодарлықтар бұрынғыдан 5-7 мың теңгеге артық төлейтін болады. Жылу тарифі 3,9 пайызға өскен. Жаңа жылдан кейін тағы өседі деп күтіліп отыр.
«Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде 12 млрд. теңгенің қаржысы тартылған. Бұған ескірген инженерлік желілер ауыстырылады - деп жоспарланып отыр.
Департамент өкілдері табиғи монополиялар туралы заң нормасын бұзған 8 мекемеге әкімшілік іс қозғаған. Оларға 16 млн. 801 мың теңге айыппұл салынды.
Өзгеріс Қуанар