Павлодар ауданына қарасты Набережное ауылында дәрігерлік амбулатория салтанатты түрде ашылды. Осылайша облыстағы тағы бір жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына жергілікті тұрғындар куә болды.
Дәрігерлік амбулаторияның құрылысы ағымдағы жылдың мамыр айында басталған. Құрылыс «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту», «Әрбіз азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобалары мен AMANAT партиясының жол картасы шеңберінде жүзеге асқан.
Арна Сапина, дәрігерлік амбулаторияның дәрігері:
Бұрын бұл ғимарат ескі мектеп болған. Үлкен құрылыс жұмыстары жүргізіліп, қазір іші жарықтанып, үлкен ғимаратқа айналып шыға келді. Мұнда жұмыс істеуімізге барлық жағдайлар жасалған. Барлық кабинеттер бар, құрылғылар да жаңа. Ең бастысы заманауи үлгіде жасалған
Орталық бір ауысымда 50 адам қабылдайды. Мұнда дәрігерлік қабылдау, жедел жәрдем, егу, процедура, физиотерапия кабинеттері және күндізгі стационарда бар.
Енді, тұрғындар денсаулықтарын нығайтып, сырқаттың алдын-алу үшін жаңа дәрігерлік амбулаториядағы білікті мамандарға жүгіне алады.
Қымбат Садық