Железин ауданы Веселая роща ауылында «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша атқарылған игілікті істер мол. Солардың бірі елдімекенде ашылған байланыс орталығын. Тілші әңгімесінде.
Биыл Веселая роща ауылының тұрғындары қуанышқа кенелді. Себебі ауылдың ажарын аша түскен «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы мекенге жетті. Мектеп және мәдениет үйі жөнделді. Бұған қоса, ауыл ішінде 5 көшеге тас жол төселді. Бүгін ауыл кітапханасы жанынан коммуникация орталығы есігін ашты.
Орталық заманға сай салынған. Онда интернет желісі тартылған. Компьютер, ноутбук бар. Тұрғындар кез келген уақытта келіп, кітап оқуға болады. Сондай-ақ бұл пікір талас пен клуб отырыстарын ұйымдастыруға ыңғайлы жер.
Алмагүл Балтабаева, Железин ауданы орталықтандырылған кітапхана жүйесі директорының м.а:
Ауылдық кітапханасында коммуникация орталығы ашылды. Мында зона апйфая бар. Көп балалар, үлкен адамдар келіп, демалып, кітап оқып, қазақша орысша әртүрлі ойын ойнауға болады.
Айта кетейік аудан ауылдарында 5 байланыс орталығы жұмыс істейді. Орталықтың ашылуына ауыл халқы риза. Аталған күнге орай ауыл қонақтарына концерт ұйымдастырды.
Бұған қоса ауылдың мәдениет үйі де жаңарды. Жаңа сахна орнатылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді. Қазір орталық ұйымдары түрлі шаралар өткізіп, ауыл мәдениетінің дамуына септігін тигізіп келеді.
Ауыл мәдениет үйінде ән әуелеп, күй күмбірлеп тұр. Руханият ордасының есігі үнемі айқара ашық.
Жанасыл Серікбол, Әйгерім Тоқпанқызы