Бірнеше күнне бері қар қалың жаууда. Кейбір жолдар жабылып жатыр. Ал, қала көшелерін қардан тазалау жұмыстары жүріп жатыр.

Бұл жұмысқа жалпы 80 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, көшелерде көктайғақ жағдайын болдырмау үшін инертті материалдар шашылуда. Оған 18 техника ат салысуда. Сонымен қатар 62 сыпырушы техника да тынымсыз.

Оразбек Саяхат, Павлодар қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің бас маманы:

Бұл сыпырушы техникалардың ішінде 19 ы жаяу жүргішілердің жолдарын, қалған 43 і автожолдарды сыпыруда. 200 ден астам адам қала көшелерінде, аялдамаларда, жаяу жүргіншілер жолында тазалық жұмыстарын жүргізуде. Қазір негізгі көшелерде жүріп жатыр. Одан кейін екінші санаттағы көшелерде, айналма жолдарда жүргізілетін болады.

Жанасыл Серікбол