Павлодарда жатақханалар мен хостелдерге рейд жүргізілді. Тексеру барысында бірнеше заңбұзушылық анықталды. Мәселен, көп қабатты қонақ үйлердің бірінде газ балон пайдаланған. Ал ғимаратта өртке қарсы дабыл белгілері қойылмапты.
Павлодар қаласында жатақхана тәрізді 30-ға жуық хостел бар. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары олардың барлығына тексеру жүргізіп жатыр. Алматыда болған өрттен кейін барлық ғимараттардың қауіпсіздігі бақылауға алынбақ.
Тілекжан Галямов, Павлодар қаласы ТЖБ бастығының орынбасары:
Рейдтің басты мақсаты осы нысандар қаншалықты төтенше жағдайға дайын екенін анықтау. Бүгінгі күні осы хостелда рейд жұмыстарын жүргіздік. Осыған өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері қатысты. Осы нысанда өрт сөндіру қызметкерлері тактикалық оқу жаттығуын жасады.
Хостелдерді тексеру барысында мамандар бірқатар заңбұзушылықты анықтады. Мәселен, көп қабатты қонақ үйдің бірінде газ балонын қолданған. Ал ғимаратта өрт бола қалған жағдайда хабар беретін дабыл жүйесі іске қосылмапты.
Тілекжан Галямов, Павлодар қаласы ТЖБ бастығының орынбасары:
Шығу эвакуация жолдарында арнайы белгілер жоқ. Одан басқа жиһаздар орналасқан. Бұның бары өрт кезінде адамдар эвакуацияланған кезде кедергі келтіру мүмкін. Өр қағидаларына сәйкес екі қабаттан жоғары ғимараттарда газ балон сақталмау керек.
Қонақ үй қожайынына ауызша ескерту жасалынды. Егер заң талаптары сақталмайтын болса, шара қолданылатын болады.
Өзгеріс Қуанар