Павлодар облысы прокуратурасыны ғимаратында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы маңызды шаралардың бірі өтті. Онда жоғары сынып оқушылары үшін "Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау: құқық қорғау органдарының рөлі және балаларды қорғау саласындағы сын-қатерлер" тақырыбында экскурсия өткізілді.

Жасөспірімдерге қарсы жасалатын бұзушылықтың алдын-алу барлық құқық қорғау орындарының негізгі міндетіне айналды. Оқушыларға, студенттерге бұл тұрғыдағы құқықтарын, міндеттерін түсіндіру жұмыстары облыстық прокуратурада тұрақты түрде өтіп тұрады. Өйткені, ағартушылық көптеген келеңсіздіктердің алдын-алады. Шара аясында алдымен оқушыларға әр түрлі жағдайда қалай әрекет ету керектігі, қандай жағдайда құқықтарының бұзылатындығы жайлы кеңінен айтылды. Оқушылар өз көкейлеріндегі сұрақтарын қоюға да мүмкіндік алды. Артынша прокуратура жұмысымен тереңірек танысттыру мақсатында музей көрсетілді.

Асхат Атикеев, Павлодар облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры:

Осы шара арқылы біздің жұмысымызды толығырақ көрсеткіміз келді. Қандай бағыттар бар? Қалай жұмыс істейміз? Осы және өзге де мағұлматтарды көрсеттік. Оқушылардың, студенттердің қатысуымен осындай шараларды жиі өткізіп тұрамыз. Алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Музейге келген оқушылар бұндағы әрбір жәдігермен жіті танысып, көптеген ақпараттар алды. Музейде прокуратураның қалыптасу тарихы, ардагерлер, айрықша еңбек сіңірген азаматтар жайлы көптеген деректер топтастырылған.

Бұндай әр жәдігердің айрықша тарихы бар. Өткен ғасырдағы уақыттың лебін сезуге болады.

Жанасыл Серікбол