Полиция қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі сату дерегінің жолын кесті. 31 жастағы облыс тұрғыны психотропты зат сатпақ болған. Тіпті ірі көлемдегі нашаны қаптамаға орап, жасырын қоймаларға қойған.
23 грамман асатын есірткі заты 40 қаптамаға оранған. Бұны ұсталған азамат жасырын жерлерге қойып, өткізбек болған. Арам ойын жүзеге асыра алмай қалды. «Қарасора» жедел алдын алу шарасы барысында полиция қызметкерлерінің қолына түсті.
Жанар Біләлова, ПД ресми өкілі :
Ұсталған адам аталған есірткі затын Павлодар қаласының аумағында жасырын қоймаларын жабдықтау жолымен сатпақшы болған. Осы факт бойынша ҚР ҚК 297 бабы 3-бөлігі ... тексеру жүргізілді.
Заңға сәйкес барлық дәлелді сараптама тағайындалды. Күдікті 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Әйгерім Тоқпанқызы