Павлодарда облыстық Шәкәрім оқулары өтті. Шара Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған. «Бостандық таңы атты» сайысына колледж студенттері қатысты. Толығырақ тілші баяндайды.

Павлодар техникалық сервис колледжінде жыл сайын оқулар мен конференциялар ұйымдастырылады. Биыл Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай облыстық байқау өтті. Мұнда 48 студент білімдерін ортаға салып, сайысқа түсті.

Зура Кенжебаева, Павлодар техникалық сервис колледжі басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

Бүгін, міне «Бостандық таңы атты» деген шара Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналды. Бұнда енді Шәкәрім оқуларын ұйымдастырдық. Шарамыздың мақсаты – өскелең ұрпақ бойына бабаларымыздың бізге қалдырып кеткен асыл, көп мұрасын бойына сіңіру. Яғни одан тәлім-тағылым алдыру, бұны жалпы өмірде пайдалану, қолдану

Сайысқа облыстың түрлі қалалары мен аудандарынан студенттер келді. Басым бөлігі –болашақ техникалық мамандық иелері. Десе де, артына өлмес мол мұрасын қалтырған ақынның шығармаларын жатқа айтып, философиялық ойларының мәнін ашып, шараға белсене қатысты.

Нұрәлі Әмірбекұлы, Павлодар техникалық сервис колледжінің 1-курс студенті:

Мен осы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармасында 5 өлеңін жаттадым және бір философиялық шығармасын жаттадым және сұрақтарға жауап дайындадым. Мен бірінші рет қатыстым. Балалардың зейінін ашатындай, балалардың өзінің деңгейін көретіндей. Осындай жарыстар көп бола берсін.

Білім жарысына төрелік еткен ғалымдар оқушылар өнеріне жоғары баға берді. Сондай-ақ мұндай шара өткізудің жас ұрпаққа маңызы зор екенін атап өтті.

Айтмұхамет Тұрышев, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик:

Бұрындары, әсіресе, мектеп оқушыларына, солардың оқуларына жүретінбіз. Енді жылда осында өтіп жатыр. Былтыр да өткен биыл да қатары тіпті көбейіпті былтырға қарағанда» 01.08+++03.13 «Оқушылардың кейбіреуі ұлттық қазақ киімдерімен келген екен. Ол енді қуантады. Ұлттық киімді киіп, қазақ ілін жете түсініп, соның мазмұнын, мәнін айтып тұрған оқушылар да бар, облыстық білім басқармасына, колледж басшыларына ризамын. Осындай студентетрді дайындап, біздің алдымызға көрсін деп жіберіп отырған

Оқулар қорытындысы бойынша, жеңімпаз, жүлдегерлер және «Жас ғұлама», «Жас қыран» аталымдары иегерлері анықталды. Мұндай сайыстар алдағы уақытта жалғасын табады.

Жұлдыз Қабылденова