Көркем гимнастика бойынша облыстық «Надежды Казахстана» атты ашық чемпионат өтті. Толығырақ алдағы сюжетте.

Жарыстың мақсаты – облыста көркем гимнастиканы дамыту, жас гимнасшылардың спорттық шеберлігін шыңдау, тәжірибе алмасу және достық қарым-қатынасты нығайту. Мұнда 2012-2013 жылы туған гимнаст қыздар бақ сынады.

Елена Белус, бас төреші:

Көркем гимнастикадан облыстық ашық чемпионат өтуде. Мұнда өңіріміз бен Астанадан келген қонақтарымыз қатысып жатыр. Чемпионат екі күн өтеді. Қатысушылар жеке және топтық өнер көрсетпек. Шара мақсат, көркем гимнастиканы дамыту. Нәтижесінде қатысушылар біліктілікті арттырып, командалар бір-бірімен өзара тәжірибе алмасады. Сондай-ақ, сайыс барысында іріктеу жүргізіледі. Яғни, чемпионат қорытындысында облыстың құрама командасы анықталады. Олар ел чемпионатына қатысып, өңіріміздің намысын қорғайтын болады

Көркем гимнастика спорттың ең көркем және күрделі түрінің бірі. Оның мәні гимнастикалық және би жаттығуларын орындау. Жарыс қатысушылары шеңбер, доп сынды заттарды пайдалана отырып, өз өнерлерін көрсетті.

Пантера, командасының мүшелері:

Біздің команда «Пантера» деп аталады. Біз Астана қаласынан келдік. Жарысқа 1 ай дайындалдық. Біздің ең мықты қарсыластарымыздың көбі Астана, Алматыдан болады. Қарсыластарымызға сәттілік, өзімізге жеңіс тілейміз

Әдемі мүсін, кербез қимыл, ерекше киінген сұлу қыздар өнерлерін ортаға салып, көрерменге эстетикалық ойын өрнегін сыйлады. Қатысушылар диплом және медальдармен марапатталды.

Қымбат Садық