Тәуелсіздік күніне орай жасөспірімдер арасында волейболдан турнир басталды. Жарысқа еліміздің өзге өңірлерінен де спортшылар қатысады. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Баянтау спорт кешенінде алдағы Қазақстан чемпионатында облыс құрамасының ойыншысы атану үшін 14 және кіші жастағы спортшылар арасында тартысты бәсеке басталды.Оған басқа облыстардың ойыншылары да қатысып жатыр.
Талғат Қасымов, бас төреші:
Турнир қатарынан 15-ші рет өткізіліп келеді. Бұл жарыс еліміздегі маңызды мерекелердің Тәуелсіздік күніне арналады. Мұнда Түркістан облысы, Астана, Балқаш, Өскемен, Екібастұз қалаларының командасы мен Павлодар қаласының №2 спорт мектебі мен Баянауыл ауданының да командасы бар
Турнирда өңір намысын бірден екі команда қорғады. Ал тартысты бәсекеге келген командалар қарсыластарының осал емес екендігін айтады.
Мұндай жарыстар салауатты өмір салтын насихаттап, жас волейболшылардың шеберлігін шыңдауға ықпал етеді.
Айта кетейік, волейбол турнирі 10 желтоқсанға дейін жалғасады. Келесі аптада облыстық құрама сапында ойнайтын волейболшылардың есімдері белгілі болады.
Қымбат Садық, Анастасия Ерш