Достық үйінде «Бірлік.Единство.КЗ» атты дәстүрлі облыстық жастар форумы өтті. Өңірдің Ассамблея жастарының ұйымдастырумен өткен жиынға барлық аудан мен қала өкілдері қатысты. Қоғамның қозғаушы күші - жастар жиналған жиында қандай мәселелерді қозғады? Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Бірлік деген біздің ұлттық құндылығымыз. Бір тұтас халқымыздың, ұлтымыздың берік ұстанымы. Аталмыш форумынның мақсаты да – көршілес өңірлер арасында жастардың мәдени, рухани байланысын орнату. Мемлекетімізде жастардың алаңсыз білім алуына, шығармашылыққа бет бұрып, кәсіпкерлікпен айналасуға жағдай жасалған. Бүгінгі өткен форумда жастар тәжірибие бөлісіп, озық идеяларын ортаға салды.
Рамиль Смаилов, «Ассамблея жастары» төрағасы:
Биыл біз нашақорлық, булллинг сияқты өзекті тақырыптарды көтеріп отырмыз. Мұнда жастардың қиындықтардан қорқуы, түрлі проблемаларға тап болуы жайлы айтамыз. Сондай-ақ, IT-технологиялар, нейрондық желілер, жасанды интеллект, жаңа қызықты IT жобалар талқыланатын болады
Форум осымен 9-шы рет өткізілуде. Мұндағы талқыланған басты тақырыптардың бірі дәстүрлі ұлтаралық келісім. Сондай-ақ, облыстың мәдени-қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан белсенді жастар алғыс хаттармен марапатталды.
Форумға жиналған жастар кейінен секцияларға бөлініп, жұмысын жалғастырды. Онда пікір алмасып, ойларын ортаға салды. «Мен жастарға сенемін» деп Мағжан Жұмабаев жырлағандай ел болашағы көкірегі ояу, білімді, еңбекқор жастардың қолында.
Қымбат Садық