Облыстық кітапханада «Заң мен тәртіп – әділеттіліктің негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Шараны Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі ұйымдастырды. Басқосуға өңірдің зиялы қауым өкілдері мен студент жастар қатысып, заңдылық қағидаттары, құқықтық мәдениет және қоғамдағы жауапкершілік мәселелерін талқылады.


Кездесу заңдылық қағидаттарын насихаттауға, құқықтық мәдениетті нығайтуға және қоғамдағы әділеттілік пен жауапкершілік мәселелерін кеңінен талқылауға арналды. Жиын барысында заңға құрмет пен тәртіптің қоғам дамуы үшін маңызы сөз болды.

Қасиет Мұхтаров, бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің балалар секторының басшысы

Бүгін заң мен тәртіп аясында тәртіп пен әділеттілік кезкелген ортада керек болады. Жалпы мемлекетіміздің өркендеуі қоғамдағы заңды құрметтеуден басталады. Ортақ сенім береді. 

Басқосуда қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – интернет алаяқтық тақырыбы да қозғалды. Мамандар алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдеріне тоқталып, одан сақтану жолдарын түсіндірді.

Аслана Байзақова, Павлодар облысы әділет департаментінің «Павлодар ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі» филиалының басшысы, аға сот орындаушысы

Қазіргі таңда көптеген студенттер жастар түрлі алаяқтардың құрбаны болдып жатады. Қазір жаз мезгілінде де барлығы ақша тапқысы келеді. Әлеуметтік желілерден жұмыс іздейді. Сондықтан жұмыс іздеу барысында да абай болыңыздар себебі мұндай жайттар жетерлік. Қазір көбінесе телефон арқылы хабарласып алдап жатады. Үлкендер болсын, жастар, балалар болсын әрдайым тексеріп отырыңыздар. 

Шара барысында заң ұғымының тарихи негіздері де сөз болды. Қатысушылар заң мен тәртіп қағидаттарының қазақ қоғамында ертеден қалыптасқанын айтып, жастарды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге шақырды. Сондай-ақ өскелең ұрпақ тәрбиесінің маңыздылығы мен қоғамдық ортада өзін дұрыс ұстау мәселелері көтерілді.

Әділбек Әміренов, филалогия ғылымдарының кандидаты 

Бұл заң және тәртіп деген бұл әділетті Қазақстан дегеннен басталып қойған жоқ. Бұл 19 ғасырдағы хандар билеген дәуірмен сәйкес келеді.

Дөңгелек үстел соңында мәдени бағдарлама ұйымдастырылды. Қатысушылар домбырамен орындалған әндерді тыңдап, студент жастардың шығармашылық туындыларын тамашалады.


Дильназ Қуанышбекқызы