Пәтер иелері қауіпті жерден іздеп жүрсе, төбеден де түсетіндер де бар екен. Өңірде 9 қабат шатырынан түсіп, балкон арқылы үйге кіріп, ұрлық жасағандар ұсталды.
Павлодар облысында жыл басынан 23 пәтер ұрлығы тіркелді. Былтыр 77 факт болды. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш биыл төмендеген деп отыр, полицейлер.
Владислав Ермолаев, Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі
Жаз уақытында пәтер ұрлығы көбейеді. Оған себеп жазда демалыс басталады, көп азаматтар үйлерін тастап демалуға кетеді. Үй ұрлығы пластик терезелерді бұзу, кілттерді жасау, есіктерді бұзу арқылы жүзеге асады. Сондықтан демалысқа шығатын тұғындарға алдын ала терезелерді бекітіп, бәрін тексеріп кетуге кеңес береміз.
Көп жағдайда жеке тұрғын үй секторы мен бірінші қабаттағы пәтерлерге ұрылар түседі екен. Сонымен қатар, кілттерді жасау фактілері де жиілепті.
Владислав Ермолаев, Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі
Аталмыш ұрлықтар ашылып жатады. Өткен жылы осы фактілер бойынша 75 пайыз ұрлық істері ашылды. әрине біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Сондықтан жауапкершілік үй иелерінде, барынша өз мүліктеріңізді қорғауға шақырамыз.
Пәтер ұрлығы кезінде үй иелеріне келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгеден 5-8 млн теңгеге дейін жетеді. Көбінесе ақша мен алтын бұйымдар ұрланатын көрінеді. Ұрылардың 75-80 пайыз бұрын ұрлыққа түскендер.
Владислав Ермолаев, Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі
Есімде қалған жағдайлардың бірі ұрлықшы 9 қабат шатырынан балконға түсіпті. үй иесі демалысқа кетіпті, оны әлеуметтік желіге салыпты. Ұрылар соны байқап, пәтерге кіруді жөн санаған. Балкон арқылы үйге кіріп, алтын мен ақшаны алған. Олар ұсталды.
Бұл ретте полицейлер үйіңізде ұрлық тіркелген жағдайда бірден кезекші бөлімге хабарласуға шақырады. Пәтерде өз бетіңізбен ешнәрсеге тиіспеңіз дейді полицейлер.
Самал Қалиқызы