Павлодарда есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты іс бойынша сот үкімі шықты. Тергеу барысында тыйым салынған заттарды өткізу схемасының отбасылық «мердігерлік» қағидатымен ұйымдастырылғаны анықталды. Жақын туыстар арасында міндеттер алдын ала бөлінген: біреулері шикізатты жеткізумен айналысса, енді біреулері оны сақтау, орау және кейіннен сатуға жауапты болған.


Ернар Тайжан, ҚР қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі  

Павлодар қаласында есірткі құралдарының заңсыз айналымы және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру ісі бойынша сот үкімі шығарылды. Тергеуді Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізді. Тергеу барысында Алекперовтың құрамында есірткі заттары бар көкнәр тұқымдарын азық-түлік өнімі ретінде көрсетіп, заңсыз сатуды ұйымдастырғаны анықталды. Қылмыстық схемаға күдіктінің жақын туыстары да қатысқан. Олардың арасында жеткізу, сақтау, буып-түю және өткізу міндеттері алдын ала бөлінген. Тауарлар басқа өңірден логистикалық компаниялар арқылы жеткізіліп отырған. Өнімдер тағамдық көкнәр мен дәмдеуіштер ретінде сатылған. Тінту барысында құрамында есірткі заттары бар қоспалардың буып-түйілген партиялары тәркіленді. Қылмыстық кірістер қолма-қол ақша түрінде де, банктік аударымдар арқылы да түсіп отырған. Заңсыз табысқа ұйымдастырушы екі автокөлік сатып алып, олардың нақты иесін жасыру мақсатында үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген. Сот үкімімен Алекперов пен оның екі сыбайласына әрқайсысына 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Автокөліктер мемлекет кірісіне тәркіленді.