Баянауыл ауданында тауға шыққан турист құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Торайғыр ауылы маңындағы «Батылдар шыңына» көтерілген ер адам биіктен өздігінен түсе алмай қалған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар туристі қауіпсіз түрде төмен түсірді. 




Самат Қабдылов, Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі 

Баянауыл ауданы Торайғыр ауылында құтқарушылардың көмегі керек болды. Ер адам тау шынына шығып, қздігінен төмен түсе алмаған. Құтқарушылар туристке жедел түрде жетіп, қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, оны таудан түсірді. Ер адам зардап шеккен жоқ және медициналық көмекке мұқтаж болмады.