Әйгілі жазушы, Алаш арысы Жүсіпбек Аймауытовтың дүниеге келгеніне келесі жылы 135 жыл толады. Ол қазақ әдебиетінеде ғана емес, тарихындағы айрықша есімдердің бірі. Жазушының мерейтойына орайласқан шаралар биыл жалғасып кетті. Мазмұнды шаралардың бірі Шымкентте өтті.
Шымкент қаласында Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылыған арналған конференция өтті. Шара аясында әйгілі жазушының ескеткіш мүсіні ашылды. Оған еліміздің әдебиет, өнер қайраткерлері, ғалымдар қатысты.
Шара әрмен қарай ғылыми-тәжірибелік конфеернцияға ұласты. Онда ғалымдар, мемлекет қайраткерлері, өнерпаздар мен әдебиеттанушылар Жүсіпбек Аймауытовтың өміріне мен шығармашылыған арналған баяндамалар жасады.
Жүсіпбек Аймауытов қазақ әдебиетіне ғана емес, ән өнеріне де өлшеусіз еңбек сіңірген тұлға. Затаевичтің жинағына 30 ға жуық ән мен күй орындап бергені туралы дерек бар. Жүсіпбек бізге жеткізген әндердің де бірі орындалды.
Жүсіпбек Аймауытов Шымкент қаласында бірнеше жыл тұрып, еңбек еткені белгілі. Негізгі туындыларын да сол жақ та жүріп жазған. Жазушының келеесі жылы 135 жылдығы тойналады.
Жанасыл Серікбол