Павлодар-Түркістан пойызы жолға шықты. Еліміздің қасиетті өлкесіне жол тартатын жүрдек пойыз жолаушыларды бір тәулікте жеткізеді. Пойыздың аттану салтанатына біздің арна тілшісі қатысты.
Түркістанға жаңартылған вагондары бар №45/46 жолаушылар пойызы жолға шықты. Пойыз күнделікті қатынайтын болады. 10 жаңа вагоннан тұратын бұл пойызда 3 купе және 7 плацкарт бар. Бір бағытта 456 жолаушыны тасымалдай алады, ал жолаушылар саны көбейген сәтте қосымша вагондар қосылады.
Ержан Сариев, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Северный» филиалы Павлодар учаскесінің бастығы:
Біздің Павлодар еліне жаңа вагондар келгеніне біз өте қуаныштымыз. Осындай Павлодар өңірінен Түркістан облысына дейін 6 облыс өтеді. Бастағанда осы Павлодардан Астанаға, Қарағанды, Тараз облысы, Шымкент Түркістанға дейін 6 облыс өтеді. Сонын қаншама Туризм жағы бар. Басқа жағы бар осы халықтарды қамтамасыз етеміз.
Абай Ахмедұлы Түркістан қаласына сапарға шықты. Жаңа пойыздың қолданысқа берілгеніне қуанышты. Айтуынша пойызбен сапарға жиі шығады.
Вагондарда жолаушыларға қатысты барлық жағдай жасалған. Ауаны баптау қондырғысымен, ауаны тазарту сүзгісі, түтін датчиктері және биодәретхана бар. Бұдан бөлек, әр вагон бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.
Байтұрсын Жұмабай