Екібастұз қаласында «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-нің өтінімі қоғамдық тыңдауда талқыланды. Онда орталықтың жылу беру, тарату және алдағы тарифтік жоспары сараланды.

Көпшілік талқылауға табиғи монополияларды реттеу депаратмені және жылу мекемелерінің басшылары қатысты. Жиынға 70-ке жуық екібастұздық қатысты. Қала тұрғындары үшін өмірлік маңызды мәселе саналатын жылу энергиясының тарифі сөз болды. Алғашқылардың бірі болып энергетика саласының ардагері Сергей Соколов сөз алды.

Сергей Соколов, энергетика саласының ардагері:

Негізгі мәселе жылу тасымалдаудың қуаттылығында болып тұр. Қазіргі уақытта сағатына 160 гигаколория. Негізінде жылу орталығы 750 гигколорияға негізделген. Яғни, қазіргі қуатттылығынан 4 жарым есеге көп. Қазіргі жылу орталығы жағдайы жақсы болса тағы бір Екібастұзды жылытуға болар еді.

 Ардагердің айтуынша жылу өндіргенімен оны дұрыс тарату жағы әлсіз.

Сергей Соколов, энергетика саласының ардагері:

Қалалық жылу орталықтарында қайта толықтыру нормасы 70 тонна болуы керек. Алайда бұл сақталмай бірнеше есе көтеріліп отыр. Апат кезінде мың жарымға дейін жеткен.

Спикер энергетика саласының ардагері ретінде, қаладағы жылу таратуды реттеу кезіндегі жылу шығынының негізгі себебін айтты. Сонымен қатар, қоғам белсендісі Александр Разумовский де монополист ұсынған нысандағы тарифті көтеруге қарсылығын білдірді.

Александр Разумовский, Екібастұз қаласының тұрғыны:

Осы жерде отырған адамдардан бөлек, маған хабарласып, өз ойларын, тарифті көтеруге үзілді-кесілді қарсы екендіктерін білдірген 500 ден астам адам бар. Қазір облыс, қала әкімдігімен жұмыс істеудеміз.

Көпшілік тыңдау тартысты болды. Әрқайсысы өз пікірілерін ортаға салды.

Нұрлан Нұрмұратов, облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы:

Биыл мемлекет тарапынан 33 шақырым жылу желісін жөндеуге 11 млрд теңгеден астам қаржы жұмсады. Әр шақырымына шамамен 350 млн теңге жұмсалуда. Жылу бердің барлық шығырдарын қосқанда өзіндік құнның бағасы гигоколориясына 15-20 мың теңге болушы еді.

Қоғамдық тыңдау соңында Нұрлан Нұрмұратов барлық ескертулер мен ұсыныстар әкімшілік шешім қабылдау кезінде ескерілетінін атап өтті.

Жанасыл Серікбол