Өңірде жауған қалың қардың соңы жаңбырға ұласты. Тұрақсыз климаттың сақталуына байланысты жарақат алғандар саны да көбейген.Көктайғақтың салдары туралы толығырақ тілші материалында.
Жаяу жүргіншілер жолағы мен тротуарларда аяқ басу қауіпті. Көше мұз айдынындай. Тайып түсу қауіпі тым басым. Көктайғақ белең алған уақытта жарақат алу жағдайлары да жиілей түскен. Мәселен, қалалық аурухананың травматология бөлімшесіне соңғы екі күнде, күндізгі уақытта 40-50 шақты адам жүгінген. Ал бір тәулікте жарақат алғандар саны 100 адамға көбейген. Олар бірден травпунктке жеткізіліп, дереу көмек көрсетілген.
Жарақат алғандардың көбі аяқ-қолдың сынуы, шығуы, бас жарақаттарымен дәрігер көмегіне жүгінген. Тұрғындардың басым көпшілігі мұндай жарақат алғанда медициналық көмекке жүгінбей, үйлерінде жатып қалып, асқындырып алып жатады. Дәл осындай салғырттық салдарынан абай болған жөн.
Сондықтан, қала тұрғындарының қолайсыз ауа райында барынша сақ болып, дәрігер кеңесін ескерген абзал.
Қымбат Садық