Павлодарда қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Күн тәртібі шаһардың басты қаржылық құжатына арналды. Қай салаға қанша қаражат бөлінді. Келесі жылы қайсыған басымдық беріледі? Алдағы материалдан көріңіз.

2024 жылы облыс орталығына 228 млрд. теңге бөлінбек. Оның басым көпшілігі салықтан түседі деп жоспарланып отыр. Қала әкімдігі қаржының негізгі бөлігін тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына бағыттамақ. Өйткені, осы салада қордаланған мәселе көп.

ҚАНАТ ҚАПУОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Елді-мекендерге көше шамдарын орнатуға 1 млрд. 660 млн, ауылдық жерлердің тазалық жұмыстарына 1 млрд. 320 млн. теңге бөлінеді. Сондай-ақ, көгалдандыру жұмыстарына 7 млрд. 740 млн. теңге, ауылдарды абаттандыруға 2 млрд 300 млн қарастырылған. Бұдан өзге көп қабатты үйлердің қасбетін жөндеуге де 173 млн теңге бағытталады.

Алдағы жылы 29 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Бұған 13 млрд. теңге бөлінетін болады. Депутаттар үш жылдың бюджетін бір ауыздан мақұлдады. Ал осы жылы қазынаға182 млрд. теңге түскен.

ӘСЕТ КӨЛБЕКОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Қалалық бюджет түсімі 97 пайызға орындалды. 182 млрд. 270 млн теңген құрады. Қалалық бюджет өткен жылға қарағанда едәуір көп. Өткен жылы 144 млрд теңгені құраған болатын. Өсім 127 пайыз. Яғни, 37 млрд теңгеге артық.

Бұдан бөлек жиында депутаттар қалалық полиция басқармасының есебін тыңдады. 1 жылда 2800 қылмыс тіркелген.

АРМАН ҚАПТАЕВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Қылмыс көрсеткіші шамамен 3 пайызға азайған. Құқық бұзу фактілері 2800-ге түсті. Бұрнағы жылдары бұдан да көп болатын. Аса ауыр қылмыстар 25 пайызға кеміді. Осы қылмыстардың ашылуы 64 пайызға артты. Ал адам өлтіру деректері 33 пайызға азайды. Қылмыстың ашылуы 100 пайызды құрады.

2024 жылы әлеуметтік көмекке 1,7 млрд теңге бөлінбек. Ал 2026 жылы бұл қаржы 1,8 млр-қа дейін көбейетін болады.

Өзгеріс Қуанар, Ермек Сапаров