Қыстың күні ауа райы күрт құбылып, түрлі қиындықтар тудыруда. Өткен түні облыста қатты жел соғып, соның салдарынан кейбір әлеуметтік нысандардың шатырлары ұшты. Бірнеше елді мекенде электр желілері үзіліп, тұрғындар жарықсыз қалды. Толығырақ тілшіміз баяндайды.

Секундына 37 метрге жеткен екпінді жел бірнеше ғимараттың шатырын жұлып, 117 ауылдық елді мекенде электр желісі үзілді. Осы уақытқа дейін 69 елді мекенде қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, қайта жарық берілді. Қалған ауылдардағы авариялық өшірулерді жоюмен 56 жөндеу бригадасы айналысып жатыр.

АСҚАРБЕК ОМАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЛАРЫНДА БАСҚАРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

10 қаңтар 3 шатырдың қирауы туралы хабар келіп түсті және орталық шырша құлағаны туралы. Оның бәрі анықталды. Облыс бойынша 6 аудан және павлодар қаласы бойынша свет өшірілді. Павлодар қаласы бойынша свет сағат 9.00-ге дейін берілген. Қалған райондарда жұмыстар өткізіліп жатыр.

Өңірде жол қозғалысын шектеуді қамтамасыз ету үшін 16 бекет ұйымдастырылды. Оған 16 техника мен 32 қызметкер жұмылдырылды. Сондай-ақ 6 жылу пунктіне 78 адам орналастырылды. Қатты жел салдарынан Баянауыл ауданында бір адам жоғалып кетті. Қазір іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Өткен тәулікте төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері қар құрсауында қалған тұрғындарды шығару үшін 2 авариялық-құтқару жұмысын жүргізді. Нәтижесінде 8 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды және 4 адам эвакуцияланды.

Жұлдыз Қабылденова