Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары тұрғын үй сертификатын беру туралы өтініштерді қабылдай бастағанын хабарлайды. Бұл жеңілдік кімдерге тиесілі? Толығырақ тілші әңгімесінде.

Бұл қаржылық сертификатты осал топтағы және мемлекеттік мекемеде еңбек ететін қызметкерлер қол жеткізе алады. Бұл мемлекеттен бөлінген қолдау сатып алынатын пәтердің 10 пайыз жарнасы болмақ. Яғни, айтар болсақ сатып алынатын баспана 10 млн болса, мемлекеттен 1 млн теңге тұрғын үй сертификаты беріледі. Бұл үшін қандай құжаттар қажет. Мамандар жауап берді.

ЛАРИСА КУЗЬМЕНКОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қажетті құжаттардың тізбесі: қала әкімінің атына жазылған өтініш, одан кейін жеке басын куәландыратын құжат, және бүкіл отбасы мүшелерінің төл құжаттары болуы керек. Еңбек немесе кәсіпкерлік қызмет бойынша соңғы алты айдағы табыстары туралы анықтама, жұмыс орнынан анықтама және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның сомасы болуы керек.

Бірақ, бұл азаматтар мемлекеттік ипотекалық бағдарламаға қатысуы тиіс. Қатысушылар отбасы банкінің шарттарынан өтуі қажет. Сондай-ақ төлем қабілеттілігі де ескеріледі.

ЛАРИСА КУЗЬМЕНКОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Биыл біз сертификатты әлеуметтік көмек ретінде ұсынамыз. Өтеусіз және қайтарымсыз негізде. 6 айдағы бір адамға шаққандағы орташа табыс 3 бір реттік ең төменгі күнкөріс деңгейі болуы керек. Бұл 134 562 теңгені құрап отыр. Мәслихаттың шешімі бойынша мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы, Алтын алқа, күміс алқа иегерлері. Батыр ана және 1,2 топтағы мүгедектер, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және басқа мемлекеттерде соғысқа қатысқан ардагерлермен мемлекеттік қызметкерлер қатыса алады.

Толық ақпарат алу үшін Павлодар қаласы Кривенко 25 Опен Павлодар бөліміне жүгінген жөн. Айта кетейік былтыр тұрғын үй сертификатын 220 азамат алған.

ӘЙГЕРІМ ТОҚПАНҚЫЗЫ, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ. ЕА